Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты

Бақытжан Мұса
gov.kz
gov.kz

Бүгін, 29 қарашада, Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс беруге қатысты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Әскери қызметшілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында әскери бөлімдердің аумағында 36 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Онда офицерлер, келісімшарт және мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар, олардың отбасы мүшелері мен Ұлттық ұлан ардагерлері дауыс бере алады.

Алғашқылардың бірі болып Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Ансаган Балтабеков өз таңдауын жасады. Ол таңғы сағат 06:00-де Астанадағы 5573 әскери бөлімінің аумағында орналасқан №266 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Бас қолбасшы азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтіп, әр адамның өз өңірі мен елінің болашағын айқындауға қатысуы маңызды екенін жеткізді.

Биылғы сайлау көптеген жас сарбаз үшін алғашқы дауыс беру тәжірибесі болды. Олар өз таңдауын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріне үлес қосуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, сайлау күні Ұлттық ұлан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін де атқарып жатыр. Еліміздің 22 қаласында күн сайын 7 мыңнан астам әскери қызметші қоғамдық қауіпсіздікті күзетеді. Дауыс беру кезінде және одан кейін де тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау шаралары жалғасады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp