Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлын іздеп шығып, далада адасып кеткен ананы полицейлер тапты (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 689 қаралым
Ұлын іздеп шығып, далада адасып кеткен ананы полицейлер тапты (ВИДЕО)

Батыс Қазақстан облысында ұлын іздеп шығып, далада адасып кеткен әйел аман-есен табылды, деп хабарлайды

порталы.

Оны полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлері түні бойы іздеген.

Оқиға 20 мамыр күні Теректі ауданына қарасты Сатым ауылы маңында болған. Әйел мал бағып жүрген ұлын іздеуге шыққанымен, бағытынан жаңылып, елді мекенге қайта орала алмай қалған.

Кешкі сағат 20:59 шамасында аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне алаңдаған ер адам хабарласып, анасының жоғалып кеткенін айтқан. Осыдан кейін іздеу жұмыстары бірден басталды.

Іздестіруге Теректі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен төтенше жағдайлар бөлімшелері жұмылдырылды. Түнгі уақыт, ашық дала және бағдардың болмауы іздеу жұмыстарын қиындатқан. Соған қарамастан мамандар таң атқанша аумақты тексеруді тоқтатпаған.

21 мамыр күні таңертең жедел-іздестіру шаралары барысында әйел дала аумағынан табылды. Ол аман-есен үйіне жеткізілген.

Дәрігерлердің көмегі қажет болмаған. Мамандар әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төнбегенін мәлімдеді.

Табылған әйел мен оның ұлы полицейлерге жедел әрекеті мен көмегі үшін алғыс білдірген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от policebqo (@policebqo)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp