Бұрынғы ұлттық экономика министрі, сотталған Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы Назым Қахарман олардың ортақ ұлы Каримнің АҚШ-қа шығуына байланысты жаңа жанжал туындағанын мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz.
Қахарман Instagram парақшасында жариялаған видеосында тамыз айында ортаңғы ұлын АҚШ-қа алып барғанын айтты. Оның сөзінше, Карим ол жақта хоккей бойынша кәсіби мансабын жалғастыруды жоспарлап отыр. Анасының айтуынша, Бишімбаевтың өкілі бұл сапар туралы алдын ала хабардар болған.
Біз АҚШ-қа келген соң Баянға Каримнің кеткенін айттым. Қуандық бұл туралы білетін. Ол Каримнің ерте ме, кеш пе АҚШ-қа кететінін түсінді
Алайда, оның айтуынша, Бишімбаевтың өкілі Каримнен әкесімен сөйлесуді талап еткен, ал бала бас тартқан. Осыдан кейін сол түні балалардың жүріп-тұруына байланысты барлық сенімхаттар кері қайтарылған.
Карим сөйлескісі келмеді – бұл оның құқығы. Сол түні барлық сенімхаттар қайтарылып алынды
Назым Қахарман бұл әрекеттер ұлының шетелге еркін шығуына, сондай-ақ АҚШ-та оқуын және спорттық мансабын жалғастыруына кедергі келтіру мақсатында жасалды деп есептейді.
Ол сондай-ақ балалардың 18 жасқа толғанға дейін өз бетінше шетелге шығуына берілгеннотариалды келісімі бар екенін айтты. Оның сөзінше, бұл құжатты сот шешімінсіз кері қайтару мүмкін емес.
Ең бастысы – бұл келісімді қайтарып алу мүмкін емес. Оны тек сот арқылы ғана жоюға болады
Видео соңында ол ұлының елден шығуына қатысты дау қазір сот алаңына өткенін айтып, алдағы жарияланымдарында егжей-тегжейлі мәлімет беруге уәде етті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Nazym Kakharman (@nazymkakharman)