Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлытау облысында көктайғаққа байланысты полиция бақылауды күшейтті

Бақытжан Мұса
Polisia.kz
Polisia.kz

Ұлытау облысында ауа райының күрт өзгеріп, жолдарда көктайғақ пайда болуына байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілерге бақылауды күшейтті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жезқазған – Қарағанды автожолында патрульдік полиция ротасының инспекторлары профилактикалық шаралар жүргізді. Олар көліктердің қысқы дөңгелектерге ауыстырылғанын тексеріп, жүргізушілерге жол қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұстауды және көктайғақ кезінде аса мұқият болуды ескертті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp