Ұлытау облысында №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жанындағы ғимарат қайта жаңғыртылып, заманауи Жоспарлау және жедел басқару орталығына айналды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Жезқазған қаласындағы жаңа орталық 2026 жылғы 11 сәуірден бастап жұмыс істеп келеді. Мұнда төтенше жағдайлар кезінде құтқару бөлімшелерінің іс-қимылын үйлестіру, ақпарат алмасу және жедел басқарушылық шешімдер қабылдау жүзеге асырылады.
Ғимаратты ауқымды реконструкциялау нәтижесінде қолданыстағы инфрақұрылымды тиімді пайдаланып, орталықтың тәулік бойы жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасалды.
Жаңа орталықтың іске қосылуы Төтенше жағдайлар министрлігінің инфрақұрылымын жаңғыртуға, заманауи технологияларды енгізуге және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дайындығын арттыруға бағытталған.