Елдегі стратегиялық маңызы бар және қала құраушы кәсіпорындарда заң мен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұл бағытта өнеркәсіп секторына зиян келтіретін ұрлықтар, көлеңкелі схемалар мен өзге де заңсыз әрекеттердің жолын кесуге ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды
порталы
-ке сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, Ұлытау облысында өткен жылдан бері полиция «Қазақмыс корпорациясы» аумағында әрекет еткен бірнеше қылмыстық топтың жолын кескен. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келтірілген шығынның 94,5 пайызы өтелген.
Тергеу барысында жергілікті қылмыстық топтардың бағалы металдардың үлесі жоғары кен қорытпаларын ұрлау схемасын ұйымдастырғаны анықталған. Аталған іс бойынша күдіктілер сотталған.
Сондай-ақ биыл полицейлер ірі көлемде шығын келтірілген төрт ұрлық фактісін ашқан. Соның бірі 7 мамыр күні Мемлекеттік күзет қызметімен бірлескен операция барысында анықталды. Күдіктілер кәсіпорын аумағынан жанармай ұрлап, оны кейін сатумен айналысқан деген күдікке ілінді.
Жедел іс-шара кезінде бір тоннадан астам жанармай, ірі көлемдегі ақша, көліктер, оқ-дәрілері бар қару және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Тергеу мәліметінше, ұрлық арнайы техникаға жалған жанармай құю және құжаттарды қолдан жасау арқылы жүзеге асырылған. Сонымен қатар кейбір күзет құрылымдары қызметкерлерінің көмектескені де анықталған.
Алдын ала мәлімет бойынша шығын аса ірі көлемде болуы мүмкін
Қазір тергеу-жедел іс-шаралары жалғасып жатыр. Қаржылық-шаруашылық құжаттарға талдау жүргізіліп, келтірілген шығын көлемі нақтылануда.
[embed]https://youtu.be/JYa4e-yMw2Q?si=lGKjiZotwrBS1qyE[/embed]