Мазмұнға өту
qandastar.

Ұлытаудағы Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне өтті

bahitzhanabzal · · 269 қаралым
Ұлытаудағы Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне өтті

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz. Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Оның жалпы көлемі 319 млн текше метр болады.

Бүгінгі таңда су қоймасын мемлекетке қайтару процесі аяқталуға жақын. Нысан осы жылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» республикалық кәсіпорнының балансына көшуі тиіс.

Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарғаннан кейін біз қордаланған мәселелерді шешу үшін ең алдымен көп факторлы зерттеу жүргіземіз
деді министр.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp