Мазмұнға өту
qandastar.

Үндістандағы әлемдік би финалында бишілердің ерекше өнері желіні тәнті етті

Бақытжан Мұса · · 1 066 қаралым
Үндістандағы әлемдік би финалында бишілердің ерекше өнері желіні тәнті етті

Мумбаида өткен «Red Bull Dance Your Style» халықаралық көше билері чемпионатының әлемдік финалында бишілер ерекше қимылдарымен және әзілге толы қойылымдарымен ерекшеленді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жарыс барысында қатысушылар көрермендердің назарын аударып, ерекше эмоция сыйлау үшін музыка ырғағына сай түрлі юморлық әрі креативті элементтерді қолданды. Әсіресе, көрермендер мен өзге де бишілердің реакциясы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшіліктің ықыласына бөленуде.

Айта кетейік, бұл турнирде жеңімпазды қазылар алқасы емес, тікелей көрермендер дауыс беру арқылы анықтайды. Танымал әуендерге суырыпсалма (импровизация) әдісімен билеген бишілер залдағы жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp