Үндістанның Уттар-Прадеш штатында болған жойқын дауыл салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
13 мамыр күні Үндістанда қатты жаңбыр жауып, дауылды жел тұрған.
Желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымнан асқан.
Табиғи апат салдарынан ағаштар құлап, жарнамалық құрылымдар мен бірқатар ғимараттар қирады. Инфрақұрылымға да елеулі зақым келген.
[video width="640" height="364" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/111.mp4"][/video]
Соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 111 адамға жеткен. Тағы 72 адам түрлі жарақат алған. Көпшілік ағаштардың құлауы, опырылған құрылымдар мен найзағай соғуынан көз жұмған. Сонымен қатар, мал шығыны да тіркеліп отыр.
Қазір құтқарушылар апат болған аумақтарда үйінділерді тазалап, зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Билік келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр.
Осыған байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди атына көңіл айту жеделхатын жолдады.
[video width="1920" height="1080" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/222-1.mp4"][/video]