Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының басқарма мүшесі ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 23 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі компанияның басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және өзге де азаматтарды ұстаған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Ұсталған азаматтар «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған деген күдік бар сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деп күдікке ілінді. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Осы оқиғадан кейін «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басшылық құрамындағы өзгерістер туралы мәлімдеді.
Атап айтқанда, директорлар кеңесінің 24 қарашадағы шешімімен басқарма мүшелері – коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байғожин мен өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Компания бұл шешімді ресми түрде жариялады.