Мазмұнға өту
qandastar.

Үш айда 14 мыңнан астам қазақстандық аты-жөнін өзгерткен

bahitzhanabzal · · 119 қаралым
Үш айда 14 мыңнан астам қазақстандық аты-жөнін өзгерткен

«Азаматтарға арналған үкімет» мәліметінше, 2025 жылдың III тоқсанында 14 мыңнан аса адам өздерінің аты-жөнін өзгертуге өтініш берген. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі ZTB NEWS Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аты-жөнді көбіне ірі қалалардың тұрғындары өзгертеді. Көш басында Алматы – 2 981 өтініш. Екінші орында Астана – 2 459 адам. Өңірлер арасында Қарағанды облысы – 849, Ақтөбе облысы – 741 және Шығыс Қазақстан облысы – 673 өтінішпен ерекшеленді.

Азаматтар негізінен есімнің немесе фамилияның жағымсыз немесе қолайсыз естілуіне, ұлттық нұсқасын қалпына келтіруге, отбасылық жағдайларға немесе 18 жасқа толғаннан кейін жеке шешімі бойынша өзгеріс енгізеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp