Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Мемлекеттік наградамен 29011 әскери бөлімінің үш әскери қызметшісі марапатталды.
Олардың қатарында:
- Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
- Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
- Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).
Әскери қызметшілерге награда әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін берілді.