Мазмұнға өту
qandastar.

Үш баласы бар ерлі-зайыпты Алматыдан Шымкентке есірткі тасыған

Малика Хамит · · 66 қаралым
Үш баласы бар ерлі-зайыпты Алматыдан Шымкентке есірткі тасыған

Шымкентте полиция қызметкерлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын тасымалдады деген күдікпен Қарағанды қаласының тұрғындары – ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, 48 жастағы ер адам мен 37 жастағы жұбайы жеке автокөлікпен Алматыдан Шымкентке синтетикалық есірткі жеткізіп, оны еліміздің оңтүстік өңірлерінде таратуды жоспарлаған.

Көлікті тінту кезінде жүксалғыштан жалпы салмағы екі келіге жуық мефедрон салынған төрт герметикалық орама тәркіленді.

[embed]https://youtu.be/RFrbCOKdV8I?si=Jknts1vKy66e-AXU[/embed]

Полиция күдіктілердің ұялы телефондарын тексеру барысында интернет арқылы жұмыс істейтін есірткі дүкенінің кураторымен жазысқан хат-хабарларды анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, олар тапсырмаларды сол арқылы алып, атқарған жұмысы үшін криптовалюта түрінде ақы алған.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптының қамқорлығында кәмелетке толмаған үш баласы бар. Жауап алу кезінде олар өз кінәларын толық мойындаған. Медициналық сараптама нәтижесінде ер адамның каннабис тобына жататын есірткіні пайдаланғаны да расталды.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі есірткіні жеткізу мен таратудың заңсыз арналарына қарсы күрес жалғасатынын мәлімдеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp