Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан Батыс Қазақстан облысының үш әскери қызметшісінің денесі туған жеріне жеткізілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
25 қыркүйек күні сағат 08:45-те Орал қаласының әуежайына арнайы рейспен Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың денелері жеткізілді.
Қаза тапқан сарбаздармен қоштасу және жерлеу рәсімдері 26 қыркүйекке жоспарланған.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, марқұмдардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі. Бұл іске жергілікті атқарушы органдармен қатар бизнес өкілдері де қатысады.
Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға қатысты барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды жеке бақылауына алған.