Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов отбасында қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Спортшының шаңырағында ұл бала дүниеге келді.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Боксшы сәбиінің өмірге келуі оңай болмағанын, бұған дейін үш перзентінен айырылып, ауыр сынақтарды бастан өткергенін жеткізді.
Сәкен Бибосыновтың айтуынша, олар ұзақ уақыт үміт үзбей, дұға етіп, сабыр сақтаған. Енді көптен күткен қуанышқа кенеліп отыр.
«Алланың қалауымен ұлды болдық! Құшағымыздағы кішкентай сәби — талай көз жастан кейінгі қуанышымыз, талай сынақтан кейінгі үмітіміз», – деп жазды боксшы.
Спортшы өмірден өткен үш перзентінің де жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.
Желі қолданушылары жас отбасыға ақ тілектерін жаудырып, сәбидің бауы берік болуын тілеп жатыр.