Мазмұнға өту
qandastar.

Үш сағат бұрын қаралы хабар келді: Қазақ спортшысы жекпе-жек соңында анасын еске алып, көзіне жас алды

bahitzhanabzal · · 296 қаралым
Үш сағат бұрын қаралы хабар келді: Қазақ спортшысы жекпе-жек соңында анасын еске алып, көзіне жас алды
Фото: ашық дереккөз
“Балқаш жолбарысы” деген лақап атпен танылған Ернат Түгелбеков кезекті айқасын жеңіспен аяқтады.

Алайда, ол бұл жаңалығын анасына сүйіншілей алмады, – деп жазды

.

Осыдан 3 сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз, Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. 7 жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп қыдыртамын ба дегенмін. Анам қатты ауырды
деп жылады спортшы.
Бөлісу: Telegram WhatsApp