Қорғаныс министрлігі әскери қызмет барысында ауыр жарақат алып, үш жылға жуық уақыт ауыр халде жатқан Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қорғаныс вице-министрі Қаныш Әбубәкіровтің айтуынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары, оның ішінде Ішкі істер министрлігі мен әскери прокуратура тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Вице-министр тергеу нәтижесінде жауапты тұлғалар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатынын айтты.
Сондай-ақ Ұлттық ұлан қолбасшылығының әрекетіне де құқықтық баға беріліп, тәртіптік жауапкершілік мәселесі қаралады.
Ербаян Мұхтарды жерлеу рәсімі 26 маусым күні Астанада өтеді.