Мазмұнға өту
qandastar.

Үштағанда отандық технологиямен алтын өндіретін кәсіпорын салынып жатыр

Бақытжан Мұса
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Ұлытау облысындағы Үштаған кен орнында отандық ғалымдар әзірлеген технология негізінде алтын бөліп алу кәсіпорнының құрылысы жүріп жатыр. Жобаны жүзеге асыруға ВНИИцветмет институтының мамандары үлес қосқан. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында тау-кен металлургия саласын жаңғыртып, жаңа өндіріс орындарын іске қосты. Осы бағытта «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК филиалы – ВНИИцветмет ұжымы ғылыми зерттеулер жүргізіп, кеннен алтын бөліп алудың отандық технологияларын әзірледі.

Институт мамандарының технологиялық әзірлемелері бұған дейін бірнеше кен орнында қолданыс тапқан. Атап айтқанда, 2008 жылы Секисов кен орнында алтын бөліп алу фабрикасы іске қосылды. 2009 жылы Солтүстік Райгородок учаскесінде алтынды үймелеп шаймалау әдісімен өңдейтін кәсіпорын жұмысын бастады. Ал 2014 жылы мамандар Шарық кен орнында осындай өндіріс орнын іске қосуға қатысты.

Үштаған кен орнында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мамандар кенді чандық сорбциялық шаймалау әдісімен өңдеу технологиясын ұсынды. Соның негізінде технологиялық регламент әзірленіп, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорынның жобасын дайындап, құрылысын бастады.

Жаңа кәсіпорында жылына 0,8–0,9 тонна Доре қорытпасын өндіру жоспарланып отыр.

ВНИИцветмет директоры Игорь Старцевтің айтуынша, Үштағандағы жоба – қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелері өндірісте қолданылып жатқанын көрсететін мысалдардың бірі. Институт ұжымы қазіргі уақытта да жаңа технологияларды жетілдіріп, жинақталған тәжірибені жас мамандарға үйретуді жалғастырып келеді..

Бөлісу: Telegram WhatsApp