Мазмұнға өту
qandastar.

«Ұстаз – ұлы есім»: Тоқаев мұғалімдерге құрмет көрсету маңызды екенін айтты

Малика Хамит 71 қаралым
«Ұстаз – ұлы есім»: Тоқаев мұғалімдерге құрмет көрсету маңызды екенін айтты

Ақордада Мұғалім күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Президент мұғалім еңбегінің қоғамдағы маңызына тоқталып, ұстазды құрметтеу ұлт болашағына деген жауапкершіліктің бір көрінісі екенін атап өтті.

Тоқаевтың айтуынша, соңғы жылдары білім беру инфрақұрылымын дамытуға да айрықша көңіл бөлініп келеді. Соңғы жеті жылда Қазақстанда 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынған. Биыл тағы 101 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Сонымен қатар «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы білім беру нысандары бой көтеруде. Қазірдің өзінде 460 мың оқушыға арналған 217 заманауи мектеп салынған. Оның 84-і ауылдық елді мекендерде орналасқан.

Мемлекет басшысы қала мен ауыл балаларының білім алу мүмкіндігі бірдей болуы керектігін айтты.

«Ұстаздардың кәсіби мерекесі» ретінде 5 қазанның бекітілгенін еске салған Президент педагогтерді қолдау жұмысы жалғасатынын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі технологиялық өзгерістер кезеңінде мұғалімнің қоғамдағы рөлі бұрынғыдан да арта түскен.

Тоқаев сондай-ақ мектептерде жасанды интеллектке негізделген арнайы сабақтарды енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, Үкіметке мектеп тапшылығы мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp