Мазмұнға өту
qandastar.

Үйді тарақан басқан: Риддерде төрт бала отбасынан шұғыл алынды

Малика Хамит 16 қаралым
Үйді тарақан басқан: Риддерде төрт бала отбасынан шұғыл алынды

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында полиция қызметкерлері балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайды анықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Антисанитарлық жағдайда өмір сүрген бір отбасындағы төрт бала шұғыл түрде отбасынан алынды.

Оқиға «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында белгілі болды.

Полиция мәліметінше, тұрғын үйдің санитарлық жағдайы өте нашар болған. Үйді тарақандар басып кеткен, ал онда азық-түлік пен ауызсу болмаған. Мұндай жағдай балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірген.

Отбасында 2020–2025 жылдар аралығында туған төрт кәмелетке толмаған бала тұрған.

Балалар қайда орналастырылды?

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды отбасынан шұғыл алып қою туралы шешім қабылданған. Үшеуі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, тағы бір бала Риддер қалалық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта балалардың жағдайына қатысты қосымша мәлімет жарияланған жоқ.

Полицияның «Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясындағы жұмысы балалардың құқықтарын қорғауға және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды анықтауға бағытталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp