Мазмұнға өту
qandastar.

Ұйқының қанбауы инфаркт пен инсульт қаупін арттыруы мүмкін

Бақытжан Мұса
istockphoto.com
istockphoto.com

Түнгі ұйқының жүйелі түрде қанбауы атеросклероздың дамуын жеделдетіп, инфаркт пен инсульт қаупін арттыруы мүмкін. Дәрігерлер әсіресе ұйқы кезіндегі тыныс алудың бұзылуы мен алкогольді ұйықтататын құрал ретінде пайдаланудың қауіпті екенін ескертеді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Lenta.ru ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жоғары санатты дәрігер-сомнолог Илья Смирновтың айтуынша, ұйқысы қанбайтын адамдарда денсаулыққа зиян келтіретін басқа да әдеттер жиі кездеседі. Дегенмен ұйқының тұрақты түрде қанбауы қан тамырларының зақымдануына әсер ететін маңызды факторлардың бірі саналады. Ал созылмалы ұйқысыздық та жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін жоғарылатады.

Маманның сөзінше, сомнологиядағы ең қауіпті жағдайлардың бірі – обструктивті ұйқы апноэ синдромы. Бұл дерт артық салмақпен қатар жүргенде қауіп одан әрі күшейеді.

Апноэ кезінде жоғарғы тыныс жолдары мезгіл-мезгіл тарылып немесе бітеліп, ағзаға оттегінің жеткізілуі бұзылады. Мұндай жағдайда ағза стреске жауап ретінде катехоламиндер бөледі. Соның салдарынан қан тамырлары тарылып, қан қысымы жоғарылайды және зат алмасу процестері бұзылады.

Дәрігер ұйқы апноэсының негізгі белгілері ретінде тыныс алудың үзілуі мен қатты қорылды атады. Алайда көп адам бұл белгілерге мән бермей, жылдар бойы дәрігерге қаралмай жүреді.

Сонымен қатар маман ұйықтау уақытын үнемі кейінге қалдыру және ұйықтар алдында алкоголь ішу де зиян екенін ескертті. Оның айтуынша, алкоголь ұйқының қалыпты құрылымын бұзып, қорыл кезінде оттегі тапшылығын күшейтеді. Бұған қоса, жүрек-қан тамырлары жүйесіне қосымша кері әсер етеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp