Мазмұнға өту
qandastar.

Үйрек етін өңдеп, брендпен қаптаған: СҚО-да заңсыз цех анықталды

Малика Хамит
Үйрек етін өңдеп, брендпен қаптаған: СҚО-да заңсыз цех анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер танымал брендтің атауымен ет өнімдерін шығарып, базарларда сатқан заңсыз цехты анықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға Петропавл қаласындағы Жамбыл көшесінде болған. Полицияның мәліметінше, 41 жастағы жергілікті тұрғын үйрек етін сатып алып, оны өңдегеннен кейін «Белорусский продукт» брендімен қаптап, қала базарларында саудалаған.

Заңсыз кәсіпті ұйымдастырған ер адам кәсіпкерлік қызметті тиісті тәртіппен жүзеге асырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ветеринариялық талаптарды бұзғаны үшін де жауапқа тартылған.

Ал өнім өндірілген орынның санитариялық талаптарға сәйкестігі мен қауіпсіздік жағдайын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары бағалайды.

Осыған байланысты полицейлер тұрғындарды азық-түлік таңдағанда сақ болуға шақырды. Мамандар өнімді сенімді сауда орындарынан сатып алып, оның шығу тегін растайтын құжаттарды тексеруге кеңес береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp