Қазақ қоғамына "Қара севда" сериалы арқылы жақсы таныс Түркияның танымал актрисасы Неслихан Атагүл көптен күткен жаңалығын жариялады, - деп хабарлайды
тілшісі.
Біз бұл бақытты ұзақ уақыт құпия ұстағымыз келді. Ашығын айтқанда, бұл біздің құқығымыз еді... Қысқасы, біз бақыттымыз, жақсымыз және қанағат етеміз
Еске сала кетейік, 31 жастағы Неслихан Атагүл түрік актері Қадыр Догулуна тұрмысқа шыққан. Олар 8 жыл бұрын "Ыстамбұлдың екі жүзі" сериалының түсірілімінен кейін үйленді.
Қазір жүктілігіне байланысты Неслихан Атагүлдің "Жұмыс күндеріндегі махаббат" (İşgal Günlerinde Aşk) сериалына түсуін жалғастырып-жалғастырмайтыны талқыланып жатыр. Продюсерлік компания түсірілімді кейінге қалдыруы мүмкін.