Мазмұнға өту
qandastar.

Ватиканда Рим папасымен қоштасты

bahitzhanabzal · · 327 қаралым
Ватиканда Рим папасымен қоштасты
Фото: ашық дереккөз
Бүгін Ватикандағы Әулие Петр алаңында бірнеше тілде діни рәсім өтіп, Рим Папасы, понтифик Францискті соңғы сапарға шығарып салды.

Салтанатты рәсім Әулие Петр алаңында өтті. Оған  50-ге жуық елдердің басшылары жиналды. Олардың арасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский де болды, - деп хабарлайды

ВВС агенттігігіне сілтеме жасап.

Шіркеулік қызметті кардиналдар алқасының деканы Джованни Баттиста Ре басқарды. Жергілікті халық салтанатты рәсімді металл қоршаулардың сыртынан бақылады.

Сондай-ақ Рим қаласында орнатылған үлкен экрандар арқылы тікелей көрсетілім ұйымдастырылды. Францисктің денесі 3 күн бойы Әулие Петр шіркеуінде тұрған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp