Мазмұнға өту
qandastar.

Венесуэлада қаза тапқан адамдардың саны белгілі болды

bahitzhanabzal · · 76 қаралым
Венесуэлада қаза тапқан адамдардың саны белгілі болды

Венесуэла Ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо мәлім етуінше, АҚШ әскерінің елде жүргізген операциясы нәтижесінде кем дегенде 100 адам қаза тапқан. Бұл туралы ресми Каракас алғаш рет мәлімдеді. Олардың айтуынша, көптеген өліктің ішінде президент Николас Мадуроның күзетшілері де бар екені айтылады, деп жазды Qandastar.kz ақпарат порталы Іnformburo_kz сайтына сілтеме жасап.

Кабельо сонымен бірге Силия Флорес басына, ал Мадуро аяғына жарақат алғанын хабарлады. Венесуэлада қаза тапқандарды еске алып, әскери қызметкерлерге арналған бір аптаға созылған аза тұту жарияланды.

 Бұған дейін АҚШ және батыс басылымдары әскери операция кезінде шамамен 75 адам қаза тапқанын хабарлаған болатын. Бұл өлім саны туралы ақпараттар әртүрлі келеді.

Сонымен қатар 7 қаңтарға қарай АҚШ әскери‑теңіз күштері Атлантикада Венесуэла мұнайын санкция айналып жеткізумен байланыстырылған екі танкерді ұстады. (Marinera/Bella‑1 және M Sophia). Бұл әрекет АҚШ пен Венесуэла арасындағы тек соғыс қана емес, санкциялар мен мұнай логистикасы саласындағы шиеленісті де күшейтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp