Мазмұнға өту
qandastar.

Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болды: цунами қаупі жарияланды

Бақытжан Мұса · · 40 қаралым
Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болды: цунами қаупі жарияланды

Венесуэла жағалауында магнитудасы 7,1 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер бар, алайда олардың нақты саны әзірге нақтыланбаған. Сондай-ақ бірқатар нысандарға зақым келген, дейді Qandastar.kz.

РБК агенттігінің хабарлауынша, NOAA/NWS Цунамиден ескерту жөніндегі Тынық мұхит орталығының деректеріне сәйкес, жер асты дүмпулері Атлантика уақыты бойынша сағат 18:05-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Мамандар жағалау аймақтарында, порттарда және жағалауға жақын суларда теңіз деңгейінің ауытқуы мен күшті ағыстар болуы мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты Пуэрто-Рико, АҚШ пен Ұлыбританияның Виргин аралдарында цунами қаупіне байланысты ескерту жарияланды.

РИА новости агенттігінің мәліметінше, АҚШ Ұлттық геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 7,2 деп бағалаған. Кейінірек магнитудасы 7,5 болатын тағы бір жерасты дүмпуі тіркелген.

БАҚ мәліметінше, табиғи апат салдарынан Каракастағы Симон Боливар атындағы халықаралық әуежайға зақым келуі мүмкін. Әлеуметтік желілерде қираған ғимараттар мен бүлінген нысандардың видеолары таралып жатыр.

Желі қолданушылары жариялаған фото және бейнематериалдардан кейбір ғимараттардың қабырғалары құлап, бірнеше ауданды шаң-тозаң басқанын көруге болады. Сондай-ақ оқиға орнынан түсірілген кадрларда құтқарушылардың зардап шеккен тұрғындарды эвакуациялап жатқаны байқалады.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Венесуэладағы жер сілкінісінен келетін экономикалық шығын көлемі елдің жалпы ішкі өнімінің 2-20 пайызы аралығында болуы мүмкін.

РИА новости

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp