Мазмұнға өту
qandastar.

Венесулада жер сілкінісі кезінде қираған ғимарат үйіндісінің арасында әйел босанды

Бақытжан Мұса · · 46 қаралым
Венесулада жер сілкінісі кезінде қираған ғимарат үйіндісінің арасында әйел босанды

Венесулада болған жойқын жер сілкінісінен кейін қираған ғимарат үйіндісінің арасында бір әйел нәрестесін дүниеге әкелді. бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.

Mundo басылымының мәліметінше, босану өте ауыр жағдайда өткен. Әйелге электр жарығы да, медициналық құрал-жабдықтар да болмағанына қарамастан, сәби аман-есен өмірге келген.

Басылым босану процесі толықтай төтенше жағдайда өткенін атап өтті. Ана мен нәрестенің қазіргі жағдайы туралы әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) дерегіне сәйкес, Венесулада магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі тіркелген. Кейін тағы 30-ға жуық афтершок болған.

Еске салсақ, зілзала салдарынан ел астанасы Каракаста бірнеше ғимарат қирап, жүздеген адам қаза тапқан болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp