Владимир Путин Қытайға жасаған сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында Владимир Зеленскиймен кездесу мүмкіндігі туралы пікір білдіріп, ондай кездесуді ешқашан жоққа шығармағанын еске салды, деп хабарлайды Qandastar.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Путиннің айтуынша, мұндай келіссөздерді өткізуді одан Дональд Трамп сұраған. Осыған байланысты Ресей басшысы Зеленскийді Мәскеуге келуге шақырды.
Егер Зеленский дайын болса — Мәскеуге келе берсін, ондай кездесу өтеді
Сондай-ақ, Владимир Путин Дональд Трамппен мүмкін болатын кездесу туралы да пікір білдірді:
Кездесудің уақыты белгісіз, дайындық жүргізіліп жатқан жоқ, бірақ шақыру үстелде жатыр