Мазмұнға өту
qandastar.

WhatsApp-тағы бір хабарлама тұрғынды 3,5 млн теңгеден айырды

Малика Хамит · · 24 қаралым
WhatsApp-тағы бір хабарлама тұрғынды 3,5 млн теңгеден айырды

Шымкентте WhatsApp арқылы жұртты алдап келген интернет-алаяқтар тобы ұсталды, деп хабарлайды

порталы.

Күдіктілер азаматтарға туысы, досы немесе танысы болып хабарласып, түрлі сылтаумен шұғыл ақша аударуды сұраған.

Алаяқтардың құрбаны болған тұрғындардың бірі досының атынан келген хабарламаға сеніп, көрсетілген есепшотқа 3,5 миллион теңге жіберген. Кейін оның алаяқтардың айласына түскені белгілі болған.

Полицейлер жүргізген жедел шаралар нәтижесінде алты күдікті анықталды. Жалдамалы пәтерді тінту кезінде 19 SIM-карта, 11 ұялы телефон және планшет тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктілердің Астана мен Шымкентте жасалған кемінде екі алаяқтық фактісіне қатысы бары анықталды. Қазіргі мәлімет бойынша келтірілген шығын көлемі 7,5 миллион теңгеге жеткен.

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары олардың өзге де алаяқтық қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp