Мазмұнға өту
qandastar.

Ырысбала Икрамбай жетім балаларға пана болып отырған Әмина апаға көмек көрсетті

bahitzhanabzal · · 1 422 қаралым
Ырысбала Икрамбай жетім балаларға пана болып отырған Әмина апаға көмек көрсетті

Блогер Ырысбала Икрамбай жақында ғана өрттен зардап шеккен, талай жетім балаға мейірімін төгіп, тәрбиелеп отырған "Перзент" балалар үйінің шаңырағына арнайы барып, қазаққа сыйлы Әмина апаға сәлем беріп қайтқанын жазды, деп хабарлайды qandastar.kz. Ол өз отбасының атынан киім мен косметика сатудан түскен табыстан 5 млн теңге арнайы көмек табыстағанын айтты.

Ырысбаланың айтуынша, садақа мен зекет беру — несібені арттырып, жамандықтың бетін қайтаратын амал. «Пенденің басына қандай сынақ келетінін тек Алла біледі. Әке-шешесіне қажет болмаған жетімдерді өз баласындай бағып отырған апамызға қол ұшын созамын десеңіз, @perzent_kz парақшасында Каспий голд нөмірі тұр» дейді ол.
Дәйексөз

Блогер барша жұртты жақсылықтан жалықпай, мейіріммен бөлісуге шақырды.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp