Мазмұнға өту
qandastar.

Зайсан көліндегі қайғылы оқиға: екі балықшының денесі табылды

Малика Хамит · · 11 қаралым
Зайсан көліндегі қайғылы оқиға: екі балықшының денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысында Зайсан көліне балық аулауға шығып, жоғалып кеткен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, деп жазады qandastar.kz порталы.

Оқиға Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округі маңында болған. Құтқарушылардың мәліметінше, сүңгуірлер алдымен 1995 жылы туған ер адамның денесін тапқан.

Кейін іздеу жұмыстары жалғасып, 1968 жылы туған екінші балықшының да мәйіті судан шығарылды.

Құтқарушылардың айтуынша, іздеу жұмыстарына көлдің тереңдігі, су астындағы күрделі бедер және кей жерлердің лай болуы кедергі келтірген.

Алдын ала мәлімет бойынша, үш балықшы қайықпен көлге шыққан. Қатты жел соғып, қайық аударылып кеткен. Бір адам аман қалған, ал қалған екеуі суға батып кеткен.

Бөлісу: Telegram WhatsApp