Мазмұнға өту
qandastar.

Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші ашылды

bahitzhanabzal · · 558 қаралым
Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші ашылды

Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысының Кеген ауылында орналасқан балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі беріліп, ескерткіш ашылды, деп хабарлайды qandastar.kz

Сондай-ақ аудан оталығында Алматы облысы әкімдігінен мәлім еткендей, аталған шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.

Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің ұлы Қайрат Нұрқаділов қатысты.

Бұл ескерткіш – халқымыздың қайраткерге деген шынайы құрметінің белгісі. Ұлт жанашыры ретінде Заманбек Нұрқаділов ел егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосты. Осындай тұлғалардың еңбегін ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ парызымыз. Сондай-ақ, биіктігі 4,5 метр болатын бұл туындының авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметовке алғысымызды білдіреміз
деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.

Шара барысында жиналғандарға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітабы таратылды.

Кегендегі балалар өнер мектебі 2015 жылы құрылған. Мұнда балаларға домбыра, қобыз, баян, дәстүрлі ән, эстрада-вокал, хореография, бейнелеу, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша білім береді. Қазір мектепте 44 педагог 890 оқушыға білім алып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp