Жуырда ғана сәби күтіп жүрген сүйінші жаңалығын жария еткен Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас пен жары Индира Мәуленова "Gender party" жасап, қуаныштарымен бөлісті, деп жазады qandastar.kz.
Instagram-да Заңғар Нұртас пен Индира Мәуленованың парақшаларында ерекше видео жарияланды.
– Біздің кішкентай бақытымыз. Біз сені өте қатты жақсы көреміз және асыға күтудеміз, деп жазды ерлі-зайыпты.
Желі қолданушылары "Не деген эмоцияяя", "Алла қолдап аман есен босанып, салихалы ұрпақтан болсын", "Заңғар, Индира қатты қуаныштымын! Осы күнді көрсеткен аллаға сансыз шүкір" деген ыстық ықыластарын жеткізді.