Мазмұнға өту
qandastar.

Зеленский Путиннің ұсынысына қатысты пікір білдірді

bahitzhanabzal · · 139 қаралым
Зеленский Путиннің ұсынысына қатысты пікір білдірді
Фото: pravda.com.ua
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің мемлекет басшысы Владимир Путиннің келіссөз жүргізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп жазды qandastar.kz
"Бұл жақсы белгі. Бүкіл әлем мұны көптен күтті. Кез келген соғыстың нақты аяқталуы үшін алғашқы нақты қадам - атысты тоқтату. Бір күнге де кісі өлтіруді жалғастырудың мағынасы жоқ. Ресей атысты толық тоқтатуды растайды деп күтеміз, ұзақ және сенімді – ертеңнен, 12 мамырдан бастап және Украина кездесуге дайын", - деп жазды Украина президенті Зеленский телеграм арнасында.
turkystan.kz хабарлағандай, Путин Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Бұл ұсынысқа қатысты АҚШ президенті Дональд Трамп та пікірін айтты.
Бөлісу: Telegram WhatsApp