Мазмұнға өту
qandastar.

Зейнетақы жинағына мемлекет кепілдік береді: бірақ бір маңызды өзгеріс бар

Малика Хамит 15 қаралым
Зейнетақы жинағына мемлекет кепілдік береді: бірақ бір маңызды өзгеріс бар

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары мемлекет кепілдігінде қалады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Алайда инвестициялық табысқа қатысты өтемақы төлеу тәртібі өзгереді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Министрдің түсіндіруінше, азаматтардың зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігіне берілетін мемлекеттік кепілдік сақталады. Ал өзгерістер жеке басқарушы компанияларға сеніп тапсырылған қаражаттың инвестициялық табысына қатысты.

Қазір салымшылар зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына бере алады. Мұндай жағдайда азамат инвестициялау бағытын және ықтимал табысты өзі таңдайды.

Министрдің айтуынша, қаражатты жеке компанияға сеніп тапсырған салымшыларға инвестициялық табысқа байланысты өтемақы республикалық бюджеттен төленбейді. Сондықтан басқарушы компанияны таңдарда оның қызметі мен инвестициялық тәуекелдерін мұқият зерделеген жөн.

Бөлісу: Telegram WhatsApp