Абай облысында полиция қызметкерлері жоғалып кеткен әйелді тауып, туыстарына аман-есен тапсырды, деп хабарлайды
порталы.
Іздеу операциясы шамамен 18 сағатқа созылған.
17 маусым күні түнгі сағат 00:36-да «102» қызметіне Курчатов қаласының 46 жастағы тұрғынының жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Әйел үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Хабарлама алған бойда полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары ауқымды іздеу жұмыстарын бастады. Қала көшелері, аулалар, қараусыз қалған ғимараттар және елді мекен маңындағы аумақтар мұқият тексерілген.
17 сағат 46 минуттан кейін учаскелік полиция инспекторлары Ержан Исайынов пен Заңғар Асқарұлы жоғалған әйелді қаладан шамамен 25 шақырым жердегі өзен жағасынан тапты.
Белгілі болғандай, әйел батпақты әрі жетуі қиын аумақта, қалың шөп арасында жатқан. Ол қатты қорқып, әлсіреген күйде болған. Оған жету үшін полицейлердің бірі батпақты жерді жалаңаяқ кесіп өтуге мәжбүр болған.
Тәртіп сақшылары әйелді қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы көмекті көрсетті. «Қорықпаңыз, сіз енді қауіпсіз жердесіз» деп сабырға шақырған олар кейін әйелді жақындарына тапсырды.
Туыстарының айтуынша, олар әйелдің тағдырына қатты алаңдаған. Полицейлердің жедел әрекеті мен табандылығының арқасында іздеу жұмыстары сәтті аяқталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Эльдар Данияров (@eldar__daniyarov)