Мазмұнға өту
qandastar.

Жалғас Қайролла Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Бақытжан Мұса · · 922 қаралым
Жалғас Қайролла Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Дзюдошы Жалғас Қайролла Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасаған Qandastar.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық спортшы финалда Молдова өкілі Петру Пеливанды жеңіп, алтын медаль иеленді. Айта кетейік, қарсыласы бұған дейін Grand Slam турнирлерінде төрт мәрте жүлдегер атанып, Masters додасының қола медалін жеңіп алған.

Федерация мәліметінше, бұл — 22 жастағы Жалғас Қайролланың Grand Slam деңгейіндегі алғашқы жүлдесі.

Қазірге дейін Қазақстан құрамасы турнирдің алғашқы екі күнінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін 73 келіге дейінгі салмақта Аңсарбек Ғайнуллин қола жүлдеге ие болса, алғашқы жарыс күнінде Талғат Орынбасар күміс, ал Шерзод Давлатов қола медаль алған еді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp