Мазмұнға өту
qandastar.

Жамбыл облысында 108 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылуы анықталды

Бақытжан Мұса · · 917 қаралым
Жамбыл облысында 108 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылуы анықталды

Жамбыл облысында прокурорлар 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылу дерегін анықтады. Бұл туралы өңір прокуратурасына сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлады.

Прокуратура мәліметіне сәйкес, Меркі ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бюджет қаражатын жұмсау заңдылығына талдау жүргізген.

Тексеру нәтижесінде мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілгені белгілі болды. Атап айтқанда, Мыңқазан ауылындағы тұрғын үй массивіне электр желілерін салу жұмыстары іс жүзінде орындалмағанына қарамастан, мердігер ұйымға ақша аударылған.

Осы факті бойынша 2026 жылғы 30 наурызда ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс әрі қарай тергеу жүргізу үшін ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментіне берілген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp