Жамбыл облысының Қордай ауданында қайғылы оқиға болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, аудандық полиция бөлімінің арнайы жасақ инспекторы өзіне қарудан оқ атқан, деп хабарлайды
порталы.
Оқиға 29 мамыр күні таңертең болған.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақырылып, ол аудандық орталық ауруханаға жеткізілген.
Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Қызметкер жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болған.
Жамбыл облыстық полиция департаменті аталған факіге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Қызметтік тексеру тағайындалды
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.