Жамбыл облысында төрт күн бұрын жоғалып кеткен азаматты құтқарушылар дронның көмегімен тауып алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
1953 жылы туған ер адам үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Оны іздеуге ТЖМ қызметкерлері, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
[video width="720" height="1280" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/video_2026-05-18_20-14-57.mp4"][/video]
Іздестіру жұмыстарына ТЖД-ның арнайы күштері мен техникасы тартылып, кинологиялық топ, жүзу құралы және ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылған.
Заманауи технологияның көмегімен жоғалған азамат ашық аумақтан табылды.
Құтқарушылардың мәліметінше, ер адамға медициналық көмек қажет болмаған.