Мазмұнға өту
qandastar.

Жамбыл облысында әскери дрон шұғыл қонуға мәжбүр болды

Малика Хамит · · 808 қаралым
Жамбыл облысында әскери дрон шұғыл қонуға мәжбүр болды

Жамбыл облысының Талас ауданында төтенше оқиға орын алды.

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу барысында штаттан тыс қонды, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға 2 маусым күні болған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, аппараттың жоспардан тыс қонуына техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп төнбегені хабарланды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жұмысқа кірісті. Мамандар аумақты тексеріп, техникалық жағдайды зерттеп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді
деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Ведомство мәліметінше, тексеру нәтижесі бойынша қосымша ақпарат жарияланады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp