Мазмұнға өту
qandastar.

Жамбыл облысында полицейлерге қоқан-лоқы көрсеткен дәмхана әкімшісіне қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 918 қаралым
Жамбыл облысында полицейлерге қоқан-лоқы көрсеткен дәмхана әкімшісіне қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Полиция қызметкерін балағаттап, қарсылық танытқан кафе әкімшісіне қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға Қордай ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында болған.

Әкімшілік материалдарды рәсімдеу кезінде жағдай ушыққан.

Кафе әкімшісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартып, хаттама толтыруға кедергі келтірген.

Ол тәртіп сақшыларын балағаттап, бейәдеп сөздер айтып, белсенді түрде қарсылық көрсетіп, түрлі заттарды лақтырған.

Сондай-ақ әйел учаскелік полиция инспекторын ғимараттан итеріп шығаруға әрекет жасаған.

Аталған деректер бойынша билік өкілін қорлау және билік өкіліне қатысты күш қолдану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Жамбыл облысының полиция департаменті мұндай заң бұзушылықтардың қатаң жолы кесілетінін және кінәлілер заң аясында толық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

[video width="720" height="1280" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/zhambyl_police_1777966311404.mp4"][/video]

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp