Мазмұнға өту
qandastar.

Жамбыл облысында жас жігітті атып кетті: күдікті қамауға алынды

Малика Хамит · · 44 қаралым
Жамбыл облысында жас жігітті атып кетті: күдікті қамауға алынды

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговое ауылында жас жігіттің оққа ұшуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 1 тамыз күні түнгі сағат 03:00 шамасында болған.

Марқұмның туыстары әлеуметтік желіде жазба жариялап, қылмысқа қатысы бар адамдарды бұрыннан әрекет етіп жүрген топ деп атаған.

Жамбыл облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp