Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы төбелес қайғылы аяқталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Жамбыл облысының Байзақ ауданында жасөспірімдер арасындағы төбелестен кейін 15 жастағы оқушы көз жұмды.
Оқиға барысында жасөспірім дене жарақатын алған. Алайда алған жарақатының салдарынан ол қайтыс болған.
Полиция қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.