Полиция Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы атысқа қатысы бар деген күдікпен 4 ер адамды ұстады, деп хабарлайды
Жамбыл облысы ПД мәліметінше, ұсталғандардың барлығы аталған ауданның тұрғындары.
Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Жамбыл облысы полициясы басшылығының бақылауында
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында оқ тиіп жараланған 4 адам ауруханаға жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.