Мазмұнға өту
qandastar.

Жаңа Конституция халықты қалай қорғайды? Министр маңызды норманы атады

Малика Хамит · · 272 қаралым
Жаңа Конституция халықты қалай қорғайды? Министр маңызды норманы атады

Жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды нормалар бекітілді.

Бұл туралы Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды

порталы.

Министрдің айтуынша, Әділетті Қазақстан тұжырымдамасының негізінде адам және оның құқықтары тұр. Осыған байланысты Негізгі заңда азаматтардың құқықтық кепілдіктері кеңейтілген.

Адамға бағдарланған қағидатқа сәйкес Конституцияда адам құқықтарының кепілдіктері едәуір кеңейтілді. Алғаш рет Негізгі заң деңгейінде азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарға кері күш беруге тікелей тыйым салынды. Бұл құқықтық айқындықты күшейтіп, қоғамның заңдарға деген сенімін арттырады
деді Ерлан Сәрсембаев.

Сондай-ақ Конституцияда азаматтардың дербес деректерін қорғау мәселесі де конституциялық деңгейде бекітілген.

Министрдің сөзінше, әр азаматтың мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтетіп алу құқығы да нақты көрсетілген.

Әр азаматқа мемлекеттің заңсыз әрекетімен келтірілген зиянды өтетіп алу құқығы Конституцияда айқын көрсетілді. Осындай және өзге де ережелер адам құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін күшейтіп қана қоймай, заңнаманың тиісті салаларын одан әрі жетілдіруді талап етеді
деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге және құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp