Мазмұнға өту
qandastar.

Жаңаөзен қаласында 29 жастағы дәрігер пышақ жарақатынан қайтыс болды

Малика Хамит · · 184 қаралым
Жаңаөзен қаласында 29 жастағы дәрігер пышақ жарақатынан қайтыс болды

Жаңаөзен қаласында 29 жастағы дәрігерге шабуыл жасалып, салдарынан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға туралы Айсұлу Дутбаева есімді желі қолданушысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, күдікті мұнай өнеркәсібінің жұмысшысы. Ал оның әйелі дәрігер жұмыс істеген ауруханада медбике болған.

Облыстық полиция күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар арасындағы дау отбасылық жанжалдан туындаған.

Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен полиция бөліміне өз еркімен келіп, қылмысын мойындаған.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp