Фото: ашық дереккөз
Жанармай құю бекетіндегі шабуыл бойынша іс Iшкi iстер министрлiгiнің бақылауында, деп хабарлайды
Жамбыл облысындағы Меркі ауданында жанар-жағармай құю бекетінде пышақ қолдану арқылы шабуыл жасалды. Күдіктінің ізін суытпай ұстап, сот санкциясымен қамауға алынды.
Осы дерекпен Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен, яғни пышақ қолдану арқылы жасалған бұзақылықпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл баппен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, яғни ауыр санаттағы қылмыс қатарына жатады. Тергеуді Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізуде, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Оның жұмысын ұйымдастырып, бақылау жүргізу үшін министрліктің орталық аппарат қызметкерлері жіберілді. Қазір жан-жақты тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар адвокатының өтініші бойынша жәбірленушіге полицияның күзеті қойылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында