Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жаңа туған нәрестені Риддер қаласынан Өскеменге шұғыл жеткізді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Медициналық авиация рейсі аясында «Қазавиақұтқару» тікұшағының ұшқыштары Сергей Пинигин, Замира Мұхамедьярова және Айдар Мамырханов нәрестені жедел тасымалдауды қамтамасыз етті.
Тікұшақ бортында дәрігерлер Ботагөз Акашева мен Антон Волков баланың жағдайын тұрақты бақылауда ұстады. Нәресте облыс орталығына аман-есен жеткізілді.
ТЖМ тікұшақтары жерүсті көлігімен жету көп уақытты қажет ететін шалғай ауылдар мен елді мекендердің тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін тұрақты дайындықта болады.