Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында полиция мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты деректі анықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Жедел операция барысында бір адам ұсталып, төрт тонналық ыдыс тәркіленді.
Полиция қызметкерлері күдіктіні қаланың Рауан шағынауданындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан жеке базадан ұстаған.
Операцияға ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен арнайы бөлімше жауынгерлері қатысты. База аумағын тінту кезінде мұнай өнімдері құйылған төрт тонналық ыдыс табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тәртіп сақшылары мұнай өнімдерінің қайдан алынғанын және заңсыз айналымға қатысты өзге де мән-жайларды анықтап жатыр.